19
октябрь
2023
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде 2023 жылдың 19 қазан күні, сағат 10:30-да терроризмге қарсы іс-қимыл жаттығулары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығы негізінде, “Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес, А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде 2023 жылдың 19 қазан күні, сағат 10:30-да терроризмге қарсы іс-қимыл жаттығулары жүргізілді. Мектеп оқушылары және мұғалімдер, мекеме қызметкерлерімен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық дайындық жаттығуының өткізілу мақсатымен және оқу жаттығу барысында терроризмге қарсы қорғалуды ұйымдастыру шеңберінде, бекітілген алгоритммен таныстырып, мектеп ішінде оқушылар қалай қорғану керек екендігі және эвакуация жоспарына сәйкес адамдарға эвакуциялық іс-шаралар түсіндірілді.













