Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту жоспарына сәйкес атқарылған іс-шаралар » «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту жоспарына сәйкес атқарылған іс-шаралар
18
март
2020

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту жоспарына сәйкес атқарылған іс-шаралар

А.С. Макаренко атындағы шағын орталықты орта мектебінде 24 ақпан күні ,сағат15:00-де балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту жоспарына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен "Есірткіге жол жоқ!" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.Кездесуге есірткіге қарсы күрес бөлімінің маманы Батырхан Темірхан Мейірханұлы және "Болашақ" орталығының мамандары қатысы, жасөспірімдерге есірткі мәселесі бойынша ақпараттық деңгейлерін жоғарлатып,психикалық белсенді заттар туралы ақпараттар беріп ,түсіндірме жұмысын жүргізсе, «Төтенше жағдай болған кезде, жасөспірімнің іс-әрекеті» тақырыбында Шу ауданының төтенше жағдай қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мектептің дәлізінде орналасқан оқушылар мен ата-аналарға арналған ақпараттық тақтаға "Бала қауіпсіздігінің ережелері" , "СНЮС-ті пайдаланудың салдары неге әкеліп соғады", "Таныс емес, бөтен адамдармен сөйлесудің қаупі" тақырыбтарында ақпараттық парақшалар орналастырылып, оқушыларға таныстырылды.