31
январь
2024
“Жыл сынып жетекшісі-2024” байқауы өткізілді. Байқаудың шарттары төмендегідей болды
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің тәрбие жоспарына сәйкес 2024 жылдың 31-ші қаңтар күні “Жыл сынып жетекшісі-2024” байқауы өткізілді. Байқаудың шарттары төмендегідей болды:
1)”Мен сынып жетекшімін”атты тақырыпта өзін-өзі таныстыру; 2)Портфолио қорғау; 3)Ситуациялық сұрақтарға жауап беру.
Байқаудың нәтижесі бойынша lll орынды Маткалыкова Балжан, Мусиралиева Айзада, ll орынды Жайсанова Зульфия, l орынды Қолдасбекова Сагаткуль иеленсе, ал “Бас жүлдені”Мамедгасанова Индия иеленді.