01
февраль
2024
Ұлттық ойындар арқылы балаларды, ептілік, дәлдік, тапқырлық, байсалдылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде дене шынықтыру пән мұғалімі Жұматаев Ержан 1-4 сыныптар арасында ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында “Асық ату”ойынын жүргізді. Ойын барысында 3 «Ә»сынып оқушысы Жотабай Тәңірберген 1-орынға ие болса, 2 «Ә»сынып оқушысы Құрмаш Мұхамедали 2-орынды иеленсе, 3 «А»сынып оқушысы Бауберік Бағлан 3-орынды иеленіп, мадақтама грамотамен марапатталды.
Мақсаты: Ұлттық ойындар арқылы балаларды, ептілік, дәлдік, тапқырлық, байсалдылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.Топта жұмыс істей білуін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін және Отанға туған, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру. Асық ойынына деген қызығушылығын арттыру.Дені сау, білімді ұрпақ тәрбиелеу.






