БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫ » «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫ
30
октябрь
2023

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫ

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫ
🔸 ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала құқығы – адам құқығы» атты арнайы іс-шаралар жоспарын әзірледі. Іс-шаралар ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап 20 қарашасына дейінгі аралықта өткізілетін болады.
📌 Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» іс-шараларын ұйымдастыру қажеттілігі БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» конвенциясының, «Қазақстан-2050» Стратегиясының, Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына жолдауының міндеттеріне негізделгенін атап өткен жөн.
📌 Шараға Қазақстан Республикасының балалары, мемлекеттік органдар, педагогикалық және ата-аналар қоғамдастығы, бизнес-құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады деп жоспарлануда.
📌 20 қараша күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1959 жылдың дәл осы күні Бас Ассамблея Бала құқықтары туралы декларацияны қабылдады.
📌 Құжат 10 негізгі қағидаларды біріктіріп, «балаларға бақытты балалық шақ беруді» негізгі мақсат етіп жариялады.
📌 Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету - Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі. Сондықтан, дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударуының дәлелі саналады. 
📌 Балалық шақтың өзекті мәселелерін барынша қамту үшін іс-шаралар үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар:
1) «Балалық шақты бірге қорғайық» –  балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республиканың үкіметтік емес ұйымдарымен онлайн-диалог алаңдарының жұмысын ұйымдастыру, балалардың құқықтарын қамтамасыз етудің аймақтық мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылау және қабылдау;
2) «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел» –  балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет жүзеге асыратын шаралар туралы ақпараттандыру мақсатында көп балалы аналармен, ата-аналар қауымдастықтарымен кездесулер ұйымдастыру;
3) «Тәуелсіз елдің ұрпағы» –  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалар өкілдіктерінің бірінші республикалық онлайн-кездесуін, аумақтық блоктардағы көшбасшы балалармен кездесулерді ұйымдастыру және өткізу.
📌 Нәтижесінде Республиканың барлық аймақтарында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейту; балалардың құқықтарын қамтамасыз ету туралы қоғамды ақпараттандыру; балалардың қоғам мен мемлекеттегі балалық шақтың өзекті мәселелерін шешуге қатысу құқығын жүзеге асыру күтілуде.✅
______________________________________
🔷 Комитет по охране прав детей МОН РК разработал специальный план мероприятий «Бала құқығы – адам құқығы», посвященный Международному дню защиты детей. Мероприятия будут проводиться в период с 20 октября по 20 ноября текущего года.
🔸 Необходимость организации мероприятий, обусловлена задачами Конвенции ООН «О правах ребенка», Стратегии «Казахстан - 2050»: новый политический курс состоявшегося государства», Посланием Главы государства народу Казахстана «Казахстан в новой реальности: время действий».
📌 В мероприятия примут участие дети Республики Казахстан, представители государственных органов, педагогической, родительской общественности, бизнес-структур, неправительственные организации, эксперты и СМИ.
📌 Дата 20 ноября выбрана не случайно. 20 ноября в 1959 году Генеральная Ассамблея ООН приняла Декларацию прав ребенка. Документ объединил 10 основополагающих принципов и провозгласил своей конечной целью «обеспечить детям счастливое детство».
📌 Организация мероприятий, посвященных Всемирному дню ребенка, является свидетельством особого внимания в нашем государстве вопросам обеспечения прав детей, государственными органами, неправительственными и общественными организациями.
📌 Для максимального охвата актуальных вопросов детства меропрития будут реализованы по трем основным направлениям:
1) «Балалық шақты бірге қорғайық» - организация работы онлайн диалоговых площадок с неправительственными организациями, экспертами регионов, работающими в сфере обеспечения прав детей для обсуждения и принятия рекомендаций по актуальным региональным вопросам обеспечения прав детей.
2) «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы - бақытты ел» - организация встреч с родительскими сообществами, с целью информирования их о мероприятиях реализуемых государством по вопросам обеспечения прав детей.
3) «Тәуелсіз елдің ұрпағы» - организация и проведение первого онлайн слета детских представительств Комитета по охране прав детей МОН РК.
📌 В результате ожидается укрепление взаимодействия с неправительственными организациями, реализующими вопросы обеспечения прав детей во всех регионах республики; информирование общественности о мерах предпринимаемых государством в сфере охраны прав детей; реализация права детей на участие в решении актуальных вопросов в жизни общества и государства.✅

Похожие публикации: