20
сентябрь
2023
А.С.Макаренко атындағы орта мектебі бойынша «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында жүргізілген кездесу туралы ақпарат
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің құқықтық тәрбие жоспарына сәйкес 3-мобильді топтың мүшесі Б.Жайлибеков 5-10сынып оқушыларымен "Бала құқығы-адам құқығы" тақырыбында кездесу жүргізді . Кездесу барысында Б.Жайлибеков әр оқушының өзінің белгілі бір құқықтары бар екенін,мүдделері бұзылған жағдайда, ол көмек сұрауға құқылы екенін түсіндірді.Балалар өз құқықтарын белгілі себептермен қорғай алмаса,көбінесе жасөспірімдер үлкендердің көмегіне сүйену керек екенін, мәселені үнсіз қалдыруға болмайтынын айтып өтті.
Балаға жағымсыз жағдайлар мен жанжалдар туындаған кезде көмек сұрау маңызды екенін және керек екенін түсіндіріп,психикалық қиянат тақырыбына да түсініктеме берді. Психологиялық қиянат - оқушыға қарсы қорқыту, оны басқа балалардан күштеп оқшаулау, жасына және мәртебесіне сәйкес келмейтін әсіреленген талаптар, қорлау, оны әділетсіз сөздер арқылы тепе -теңдіктен шығаратын, жүйелі негізсіз сын екен түсіндірді.
