Қазақ тілі мен әдебиет пәнің айлығы » «Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Zhambyl region
Шу ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » Қазақ тілі мен әдебиет пәнің айлығы
10
March
2023

Қазақ тілі мен әдебиет пәнің айлығы

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің айлығы 01.02.-28.02.2023 жыл аралығында «Өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана дербес ел бола алатынын біз ұмытпауымыз керек»тақырыбында айлық жүргізілді. Айлықтың мақсаты - Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері педагогтарының кәсіби шеберлігінің өсуіне ыкпал ету арқылы білім алушылардың рухани қажеттіліктері мен ойлау, сөйлеу, пікірталас жасау дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсыну. Оқушыларды пәнге қызығушылығын арттыру. Рухани ұлт жанды ұрпак қалыптастыру. Мемлекеттік тілді құрметтеуге,сол арқылы толеранттылыққа тәрбиелеу.

Барлық сабақтар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсеңді тақтаны пайдаланды. Атап айтатын болсам, Ш. Нұридинова «М.Әуезов Абай жолы роман –эпопеясы» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ қызықты, тартымды өтті. Сабақта «Миға шабуыл», «Болжау», «Зуылдақ», «Түртіп алу», «Кахут» әдістерін қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыра білді. Балдық жүйемен бағалады. Мұғаліп әр тапсырмаға дескриптор беріп отырды.
Жас маман, пәні мұғалімі А.Мусралива «Жері байдың-елі бай» тақырыбында ашық сабағын өтті. Оқушылар топқа бөлініп, ұжымдық жұмыс жасады. Сабақ «Бірге ойлаймыз», «Ойлан.Бірік.Бөліс» әдісін қолдана отырып өткен бұл сабағын бекіту мақсатында. Сабақ соңында кері байланыс орнатылып, «БББ кестесі» рефлексия жасалды.
Ұсыныс: Уақыт үнемдеу;
Оқушыларды бағалау;
Тәжірибелі ұстаздардың сабағына қатысу.
А.Арғынбаева «Бала Абай» Сан есім тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Мұғалімнің ашық сабағы өте жақсы деңгейде жүргізілді. Әдістерді мұғалім өте тиімді пайдаланды. «Пазл» , «Үнсіз диктант» , «Тривенти» бағдарламасы арқылы сабақты бекітті. «Картошка фри» әдістерін тиімді пайдалана алды. Оқушылар қызығушылықпен қабылдады. Оқушылар топпен жұмыс жасады.Оқушыларды желтондар арқылы бағалады. Әр берілген тапсырмаларға дискриптер беріліп отырды.


М.Баевтова «Емен ағашы» тақырыбында 4 «Б» сыныбында ашық сабақ берді. Сабақты «Алма жинау» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталады. Мұғалім ү.й тапсырмасын сұрап болғаннан кейін , сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты ашты. Сабақ барысында жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелді жалғастырып, сөйлем құрады. ,оқушыларға видеоролик көрсетіліп,оқушыларға жаңа сөздер көрсетіліп дәптерге жазылды. Мұғалім сабақта «Мозайка» , «Сөйлесейік» , «Ғаламтор» әдістерін тиімді пайдаланды. Оқушыларды жинаған алмалар санымен оқушылар бағаланды.


Ә. Күшікбаева «Бауыр» тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Мұғалім сабақ барысында оқушылармен жағымды ахуал туғыза алды, houseтапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыра алды. Мұғалім жаңа тақырыпты оқушылармен бірлесе отырып ашты. Мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға оқушылар толық жауап беріп отырды. Мұғалім сабақ барысында барлық оқушыларды сабаққа қатыстырды. Мұғалім жаңа сабақты меңгерту үшін түрлі және тиімді әдістерді қолданды. Жалпы мұғалімнің жаңа сабақты меңгерту барысы жақсы деңгейде. Оқушылар сабақта өздерін жақсы көрсетіп, мұғалімнің сабақ жүргізуіне кедергі келтірген жоқ. « Желпеуіш» әдісі арқылы houseтапсырмасы сұралды. «Оқиғалар картасы» әдісі арқылы жаңа тақырыпты оқушылармен бірлесе ашты. «Венн диаграмасы» әдісі арқылы жаңа сабақты қорытындылады. Жүргізілген жаңа сабақ өте тартымды өтті. Оқушылар бауырларына арнаған өлең жолдарын оқыды және естелі суреттерімен бөлісті.
А.Жиреншеева «Төрт түліктің пайдасы» тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Мұғалім сыныпқа жағымды психологиялық ахауал туғызып, houseтапсырмасын сұрады. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп отырды. Жаңа тақырыпты мұғалім жұмақтар жасыру арқылы ашты. Сабақ барысында « Шыбын ұру » , «Сөздер де сөйлейді» , «Жалғасын тап» әдістерін пайдаланды. Берілген әр тапсырмаларға дискриптерлер беріліп отырды.
Ашық сабақтармен қатар оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында басқа түрлі іс –шаралар ұйымдастырылды.Жадрасинова мен Р.Исмаилова «Қызықты грамматика» сайыс сабағын, М.Баевтова «Kazakhңыз қалай?», А.Арғынбаева мен А.Күшікбаева «Қуыршақтар әлемі» тақырыбында қойылымжүргізсе, Ш.Нұридинова «Дулат Исабековтің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында сабақтан тыс тәрбие сағатын жүргізді, А.Мусралиева мен А.Жиреншеева «Жыр алыбы-Жамбыл» тақырыбында мәнерлеп оқу байқау өткізілді. Бірлестік мүшелері ««Әдебиет тарландарының әдеби мұрасы» тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. «Ғаламторды дұрыс пайдалану-мәдениеттің белгісі »
« Мемлекеттік тіл -Қазақ тілі» тақырыбында «Ең үздік шығарма» байқауы ұйымдастырылды. «Қазақ тілі сабағында диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу қаблетін қалай дамытуға болады» тақырыбында Н.Жадрасинова мен А.Күшікбаева коучинг жүргізді.
Айлық барысында пән бойынша оқушылардың жұмыс дәптерлері тексерілді.