Елбасы сенімі-ел сенімі » «Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Zhambyl region
Шу ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Елбасы сенімі-ел сенімі
28
November
2017

Елбасы сенімі-ел сенімі

А.С.Макаренко атындағы шағын орталықты орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ш.Н.Нуридинова

Елбасы сенімі-ел сенімі

Менің елім –Қазақстан.Республиканың өз алдына дербес мемлекет болып,тәуелсіздігін алғанына биыл 26 жыл толғалы отыр.Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін!Қазақ халқында «Туған жердей жер болмас, туған жердей жер болмас» деген дана сөз бар.Қазвқстан көп ұлтты ,тәуелсіз мемлекет. «Бұтағы көп ағашқа құс қонар»-деген сөз менің еліме арнайы айтылғандай.Себебі,Қазақстан жерінде қаншама ұлт өкілдері бір-біріне бауырлас, тату-тәтті өмір сүреді.Бір-біріміздің салт-дәстүріміз,әдет-ғұрпымызды құрметтеп,шын бақыттың дәмін татудамыз.Еліміздің қай жерін,қай тұсын,қандай өлкесін алса да көрген жанның көңілін марқайтып,көзін жадырататын көктем табиғатымен ерекшеленген жерлер.Қазақстан-бүкіл қазақ халқының ата мекені,кіндік қаны тамған,киелі жері.Бұл жерді менің ата-бабам мекендеген.Өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын.Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап,еркін білім алып,жұмыс жасап жүрген ерікті елдің азаматының бірі екеніме мақтанамын.Мен болашаққа нық сеніммен қараймын.Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі-халқымыздың өз таңдауымен ел президентін сайлауы.Оған үлкен сенім артты,міндет жүктеді.Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев –елге,барша әлемге танылған,өмір еңбектерінің шытырман жолдарынан өткен,шыңдалған,болашақты көрегендікпен саралап,болжай білетін азамат.Оның өткен өмірі –көпке үлгі болар азамат.Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды.Ел сенімі ақталды деген-осы.Тәуелсіз жас Қазақстанның тізгінін мықтап ұстап келеді.Олай деуімізге себеп бар.Өйткені,Елбасы адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып,өз еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда.Елбасымыз Н Ә Назарбаев ғасырлар тоғысының батыры деп айтсақ,тура айтқандық болар. «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде»-деп елбасымыз айтқандай,XXI ғасыр білімді,қазақ тілінде еркін сөйлейтін азаматтарды қажет етеді.Тілі бөлек,тілегі бір,жаны бөлек,жүрегі бір сан қилы қан кешуден сабырмен өткен халқымыз қай қиындықта да тату бірлігін,тамаша тірлігін жалғастыра бермек.Мемлекеттік тәуелсіздікті төрт аяғынан тең тұрғыза алған Н.Ә.Назарбаев еліміздің алда тұрған бірнеше он жылдығына жүйелеп жоспар құрып,халқына қамқорлық жасаудан тайынбайтынын өзі бірнеше рет дәлелдеді.Елбасымыздың саясатына қолдау көрсету-халықтың еншісінде.Тәуелсіздігіміздің, болашағымыздың негізі рухани тірегі,кепілі-байырғы халқымыз.Бізге жол сілтеуші-елбасымыз Н Ә Назарбаевтың бейбіт сүйгіш саясаты.
Мен өз президентіме сенемін.Отанымның жарқын болашағына сенемін!

Похожие публикации:

20 September 2016 Дорога в школу!