21
июнь
2021
"Құқықтық білім беру" мен "Психологиялық кеңес беру" айлығы
А.С.Макаренко атындағы шағын орталықты орта мектебінде "Құқықтық білім беру" айлығы аясында, әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі сақталуға және тақырып аясында білімдерін жетілдіруге құқылы екенін ескере отырып, мектептің БӘТД пәнінің мұғалімі Н.Сапаров ,педагог ұйымдастырушы А.Халық, аға тәлімгер А.Ибраимованың ұйымдастыруымен Шу қалалық #5 өрт сөндіру бөліміне оқушыларға арналған "Өрттен сақтап,жасөспірім" тақырыбында экскурсия жасалды. Іс-шара барысында қарауыл басшысы аға сержант Туйтеев Руслан Лесбекович пен Шу аудандық төтенше жағдай бөлімінің аға инженері ,азаматтық қорғау лейтинанты Аманбаев Бейімбет Бауыржанович тақырып аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді . Іс-шараның мақсаты : балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үнемі назарында ұстау және балалардың денсаулығы мен өмірін кез келген төтенше жағдайлардан қорғау. Мамандар өрттің алдын алу шаралары мен қауіпсіздік ережелерін сақтау, балалардың жарылғыш заттардан аулақ болу керектігі және өртке қатысты заттарды қолдану барысында ересектердің қасында болу керектігі айтылып,мамандар оқушыларға тақырып аясында ЖАДЫНАМА таратып берді.
