19
январь
2024
“Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды қолдану түрлері және заманауи Инновациялық білім беру технологияларын пайдалану” тақырыбында мектепішілік семинар өтті.
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні биология, география, химия, экология үйірмесі мұғалімдерінің арасында “Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды қолдану түрлері және заманауи Инновациялық білім беру технологияларын пайдалану” тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Семинардың ашылуында ең алдымен сөз мектеп директоры м.а: Ж.Ж.Мықтыбековаға берілді. Сонымен қатар, Қаспакова А.Б баяндама оқыса, мектеп психологі Малмакова А тренинг өткізді. Семинар барысында, 5 “А” сыныбына “Ауа райы және климат” тақырыбында география пәнінің мұғалімі Ермекова Л.С ашық сабақ,7”Ә” сыныбына “Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы” тақырыбында биология пәнінің мұғалімі Сейдекбар А.А ашық сабақ, 8 “ Б” сыныбына “Характеристика элемента по положению в периодической системе” тақырыбында химия пәнінің мұғалімі Соломохина Л.И ашық сабақ, 7”Б” сыныбына “Типы почв в Казахстане” тақырыбында география пәнінің мұғалімі Балакишева А.Ж ашық сабақ өткізді.





















