Домбыра пати. » «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
июнь
2021

Домбыра пати.

А́нтон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі бойынша осынау игі бастама Елбасының "Рухани жаңғыру" мақаласы аясында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Аталған іс-шара "Карантин бізді алыстатса да, біз өнерімізбен біргеміз!" ұранымен "Домбыра Party" іс-шарасы Д.Қонаев көшесінің бойында (ашық аспан астында) ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш ету. Аталмыш игі шарада көше тұрғындары мен көпшілік те өз өнерлерін ортаға салды.
Домбыра пати- аты айтып тұрғандай қазақтың қара домбырасы арқылы ұлтымыздың төл өнерін насихаттауға бағытталған игі шара. Бүгінгідей алмағайып заманда ұлттық жауһарларымыздың тасада қалмай, жалпыхалықтық өнерге айналуы басты мақсат. Сондықтан да, домбыра патилер, белгілі бір күнде бұқара халық көп шоғырланатын қаланың қоғамдық орындарында, яғни ашық аспан астында ұйымдастырылды. Іс-шарада домбырамен күйлер тартылып, аспап сүйемелдеуімен әндер де шырқалады.Аталған іс-шара жалғасын табады.