"Әжемнің ертегілері" атты жоба » «Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбылская область
Шу ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
21
июнь
2021

"Әжемнің ертегілері" атты жоба

А.С.Макаренко атындағы шағын орталықты орта мектебінің тәрбие жоспары бойынша 1-5 сынып оқушылары арасында"Әжемнің ертегілері" атты жоба жүзеге асырылуда. Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің құралы әдебиет, оның ішінде көркем әдебиеттің көне жанры – ертегі.Ертегінің көркем де жеңіл тілі баланың қиялына қанат бітіріп, арманын асқақтатып, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, батылдыққа тәрбиелейді.Сол себепті, жоба аясында оқушыларды ертегі оқу арқылы сөйлеуге, өз ойларын әдемі жеткізіп баяндауға, тыңдағанын есте сақтап, мазмұндап айтуды үйретуге қолға алып отырмыз. Балалардың білуге құмарлығы зор. Олар құбылтып айтқан ертегі, әңгімені сүйсіне тыңдайды.Ертегі оқу арқылы балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне қорытынды жасай отырып, балаларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Жоба аясында балалардың дүниетанымын байыту, қоғамдық өмір туралы ұғымдарын кеңейту, эстетикалық сезімдерін ояту жүзеге асырылмақ