ҰБТ » «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
апрель
2021

ҰБТ

22.04.2021 жылы А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен ата-аналар жиналысы өтті.
Тақырыбы: "Электрондық форматтағы Ұлттық бірыңғай тестлеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша". Ата-аналарға балаларының ҰБТ электронды форматта өтетіні, ҰБТ-ға өтініш беру мерзімдері, республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алу үшін екі мүмкіндігі бар екені айтылды. Жәнеде жоғары оқу орнына түсетін шекті деңгей балдарымен ата-аналарды таныстырдық: Ұлттық ЖЖОКБҰ-ға-кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша-кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария білім беру салалары бойынша-кемінде 60 балл. Басқа ЖЖОКБҰ-ға -кемінде 50 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамассыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша -кемінде 65 балл. Сонымен қатар әр ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламалары тобы бойынша өз шекті баллын белгілейді. Мектеп директоры А.Тастанова ата-аналардан оқушылардың ҰБТ-ге дайындығын күшейтуді және тест болатын күні жауапкершілік








пен қарауды сұранды.