15
ноябрь
2023
Шу ауданаралық прокуратурасының прокуроры Малдыбаев Қуаныш Есжанович 6-10 сынып оқушыларымен "Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі" тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Қазақстанда БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау негізінде 8-20 қараша аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында №3-мобильді топтың жетекшісі, Шу ауданаралық прокуратурасының прокуроры Малдыбаев Қуаныш Есжанович 6-10 сынып оқушыларымен "Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі" тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Аталған кездесуге Шу АПБ-нің қызметкерлері де қатысып, "Жасөспірімдердің құқығы мен жауапкершілігі " тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шараның мақсаты: Балалар арасында зорлық-зомбылықты, қараусыздық пен паназыздықты, құқық бұзушылықты алдын алу. Іс -шара барысында оқушылар құзырлы орган қызметкерлеріне сұрақтар қойып, жауаптарын алып отырды.




