"Нашақорлыққа жол жоқ!" » «Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Zhambyl region
Шу ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
21
June
2021

"Нашақорлыққа жол жоқ!"

А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде құқықтық,психологиялық жылдық жоспарға сәйкес және "Есірткіге жол жоқ!" акциясы аясында, ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны Қиқымбаев Ғани Аскербекұлы қашықтықтан "Нашақорлыққа жол жоқ!" тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізіп,оқушыларды зиянды заттардың аулақ болып,салауатты өмір салтын ұстануға шақырса, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Орашшаев "Нашақорлыққа жол жоқ !" ұранымен оқушылар арасында волейбол спорттық ойынын ұйымдастырды. Ал мектеп медбикесі Г.Арипова мен әлеуметтік педагог Н.Жадрасинова жасөспірімдердің ағзасы зиянды заттарға тез үйреніп кететінін айтып, зиянды заттардан аулақ болуға шақырса, "Азамат" ұлдар тобының жетекшісі Н.Сапаров ұлдар тобын спортпен шұғылдануға шақырды. Мақсаты: Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау. Ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері мектеп тарапынан келіп түскен шақыртуыларды қабыл алып,әр бастамамызды қолдап отырады. Осы орайда , ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлеріне мектеп ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз!!! Еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілей отырып,әрқашан алдыңғы шептен көрінулеріңізге тілектеспіз!!! Аталған іс-шара аясында оқушылармен кері байланыс жүргізілді.