Ата-аналар жиналысы » «Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Zhambyl region
Шу ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
21
June
2021

Ата-аналар жиналысы

А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде 22 мамыр күні, сағат 10:00- де карантин талаптарын сақтай отырып, жалпы ата-аналар жиналысы жүргізілді.
Мақсаты - ата-аналарды балаларының жетістіктерімен таныстыру, жылдық жұмысты қорытындылай отырып, жазғы мектептің маңыздылығын түсіндіру. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:1.“Жазғы мектетің жұмысы және маңыздылығы " түсіндірме жұмысы . 2.Оқушылардың білім сапасы .3."Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары мен құқық бұзушылықтың алды алу"түсіндірме жұмысы. 4."Жасөспірімдер арасында кибербуллинг пен буллингтің әсері" түсіндірме жұмысы . Жиналыс барысында мектеп директоры жазғы мектептің маңыздылығын жіті түсіндіріп , жаз мезгілінде балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне аса жауапкершілікпен қарауға шақырса,жиналысқа қатысқан ата-аналар комитеті төрайымынының орынбасары Т.Овчеренко жиналған ата -анаға жазғы мектепке қатысты өз пікірін білдірді. Сондай-ақ жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ата-аналар мектеп директорына өз сұрақтарын қойып, қойылған әр сұрақтарына қанағаттанарлықтай жауап алып отырды.Жиналыс соңында ата-аналар жазғы мектептің маңыздылығын түсініп, бірауыздан қолдады.