Сыңғырла соңғы қоңырау » «Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Zhambyl region
Шу ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
21
June
2021

Сыңғырла соңғы қоңырау

Шу ауданы білім бөлімінің, А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты 9-11сынып мектеп бітіруші түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Тастанова Айжан Калбаевнаға беріліп, биылғы оқу жылында түрлі байқауларға қатысып,жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды. Жүректері лүпілдеп, алып ұшып тұрған мектеп түлектері мен ата-аналарға сөз беріліп, жылы лебіздері мен ізгі тілектері тыңдалды.
Мектеп түлектері өздерінен кейінгі өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге жақсы білім алуларына өз тілектерін білдірді. Салтанатты жиын оқушылардың әдемі өлең,билерімен жалғасын тапты.
Жиын соңында «Соңғы қоңырау» әнімен мектеп бітіруші түлектер ортаға шақырылды.