А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің мектепішілік жоспарына сәйкес
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің мектепішілік жоспарына сәйкес 5-8 сынып оқушылар арасында “Атадан қалған асыл мұра” тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ата-бабамыздан мұра болып қалған; қазақ үй, торсық, сәукеле, қоржын, сандық, бесік, домбыра және қазақтың ою-өрнектерінен жасалған түрлі бұйымдар қойылды. Мақсаты: Оқушылардың бойына ата-бабамыздан қалған мұраларға сый-құрметтерін арттыра отырып, салт-дәстүрді дәріптеу мен құрметтеуге тәрбиелеу. #Біртұтас_тәрбие