30
October
2023
БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫ
БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫ
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала құқығы – адам құқығы» атты арнайы іс-шаралар жоспарын әзірледі. Activity ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап 20 қарашасына дейінгі аралықта өткізілетін болады.
Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» іс-шараларын ұйымдастыру қажеттілігі БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» конвенциясының, «Қазақстан-2050» Стратегиясының, Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына жолдауының міндеттеріне негізделгенін атап өткен жөн.
Шараға Қазақстан Республикасының балалары, мемлекеттік органдар, педагогикалық және ата-аналар қоғамдастығы, бизнес-құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады деп жоспарлануда.
20 қараша күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1959 жылдың дәл осы күні Бас Ассамблея Бала құқықтары туралы декларацияны қабылдады.
Құжат 10 негізгі қағидаларды біріктіріп, «балаларға бақытты балалық шақ беруді» негізгі мақсат етіп жариялады.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету - Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі. Сондықтан, дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударуының дәлелі саналады.
Балалық шақтың өзекті мәселелерін барынша қамту үшін іс-шаралар үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар:
1) «Балалық шақты бірге қорғайық» – балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республиканың үкіметтік емес ұйымдарымен онлайн-диалог алаңдарының жұмысын ұйымдастыру, балалардың құқықтарын қамтамасыз етудің аймақтық мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылау және қабылдау;
2) «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел» – балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет жүзеге асыратын шаралар туралы ақпараттандыру мақсатында көп балалы аналармен, ата-аналар қауымдастықтарымен кездесулер ұйымдастыру;
3) «Тәуелсіз елдің ұрпағы» – Қазақстан Республикасы Ministry of Education and Science Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалар өкілдіктерінің бірінші республикалық онлайн-кездесуін, аумақтық блоктардағы көшбасшы балалармен кездесулерді ұйымдастыру және өткізу.
Нәтижесінде Республиканың барлық аймақтарында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейту; балалардың құқықтарын қамтамасыз ету туралы қоғамды ақпараттандыру; балалардың қоғам мен мемлекеттегі балалық шақтың өзекті мәселелерін шешуге қатысу құқығын жүзеге асыру күтілуде.
______________________________________
Комитет по охране прав детей МОН РК разработал специальный план мероприятий «Бала құқығы – адам құқығы», посвященный Международному дню защиты детей. Мероприятия будут проводиться в период с 20 октября по 20 ноября текущего года.
Необходимость организации мероприятий, обусловлена задачами Конвенции ООН «О правах ребенка», Стратегии «Казахстан - 2050»: новый политический курс состоявшегося государства», Посланием Главы государства народу Казахстана «Казахстан в новой реальности: время действий».
В мероприятия примут участие дети Республики Казахстан, представители государственных органов, педагогической, родительской общественности, бизнес-структур, неправительственные организации, эксперты и СМИ.
Дата 20 ноября выбрана не случайно. 20 ноября в 1959 году Генеральная Ассамблея ООН приняла Декларацию прав ребенка. Документ объединил 10 основополагающих принципов и провозгласил своей конечной целью «обеспечить детям счастливое детство».
Организация мероприятий, посвященных Жсемирному дню ребенка, является свидетельством особого внимания в нашем государстве вопросам обеспечения прав детей, государственными органами, неправительственными и общественными организациями.
Для максимального охвата актуальных вопросов детства меропрития будут реализованы по трем основным направлениям:
1) «Балалық шақты бірге қорғайық» - организация работы онлайн диалоговых площадок с неправительственными организациями, экспертами регионов, работающими в сфере обеспечения прав детей для обсуждения и принятия рекомендаций по актуальным региональным вопросам обеспечения прав детей.
2) «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы - бақытты ел» - организация встреч с родительскими сообществами, с целью информирования их о мероприятиях реализуемых государством по вопросам обеспечения прав детей.
3) «Тәуелсіз елдің ұрпағы» - организация и проведение первого онлайн слета детских представительств Комитета по охране прав детей МОН РК.
В результате ожидается укрепление взаимодействия с неправительственными организациями, реализующими вопросы обеспечения прав детей во всех регионах республики; информирование общественности о мерах предпринимаемых государством в сфере охраны прав детей; реализация права детей на участие в решении актуальных вопросов в жизни общества и государства.