Барлық сабақтар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсеңді тақтаны пайдаланды. Атап айтатын болсам, Ш. Нұридинова «М.Әуезов Абай жолы роман – » «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Барлық сабақтар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсеңді тақтаны пайдаланды. Атап айтатын болсам, Ш. Нұридинова «М.Әуезов Абай жолы роман –
10
март
2023

Барлық сабақтар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсеңді тақтаны пайдаланды. Атап айтатын болсам, Ш. Нұридинова «М.Әуезов Абай жолы роман –

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің айлығы 01.02.-28.02.2023 жыл аралығында «Өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана дербес ел бола алатынын біз ұмытпауымыз керек» тақырыбында жүргізілді. Айлық жоспары талданып, мектеп директорының міндетін атқарушы С.Ильсовамен бекітілді. Айлық барысында жоспарланған іс-шаралардың барлығы жақсы деңгейде өткізілді. Мұғалімдер интербелсеңді тақтаны пайдаланды. Атап айтатын болсам, Ш. Нұридинова «М.Әуезов Абай жолы роман –эпопеясы» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ қызықты, тартымды өтті. Сабақта «Миға шабуыл», «Болжау», «Зуылдақ», «Түртіп алу», «Кахут» әдістерін қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыра білді. Балдық жүйемен бағалады. Мұғаліп әр тапсырмаға дескриптор беріп отырды.
Жас маман, пәні мұғалімі А.Мусралива «Жері байдың-елі бай» тақырыбында ашық сабағын өтті. Оқушылар топқа бөлініп, ұжымдық жұмыс жасады. Сабақ «Бірге ойлаймыз», «Ойлан.Бірік.Бөліс» әдісін қолдана отырып өткен бұл сабағын бекіту мақсатында. Сабақ соңында кері байланыс орнатылып, «БББ кестесі» рефлексия жасалды.

А.Арғынбаева «Бала Абай» Сан есім тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Мұғалімнің ашық сабағы өте жақсы деңгейде жүргізілді. Әдістерді мұғалім өте тиімді пайдаланды. «Пазл» , «Үнсіз диктант» , «Тривенти» бағдарламасы арқылы сабақты бекітті. «Картошка фри» әдістерін тиімді пайдалана алды. Оқушылар қызығушылықпен қабылдады. Оқушылар топпен жұмыс жасады.Оқушыларды желтондар арқылы бағалады. Әр берілген тапсырмаларға дискриптер беріліп отырды.
Ұсыныс: Уақыт үнемдеу;
М.Баевтова «Емен ағашы» тақырыбында 4 «Б» сыныбында ашық сабақ берді. Сабақты «Алма жинау» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталады. Мұғалім ү.й тапсырмасын сұрап болғаннан кейін , сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты ашты. Сабақ барысында жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелді жалғастырып, сөйлем құрады. ,оқушыларға видеоролик көрсетіліп,оқушыларға жаңа сөздер көрсетіліп дәптерге жазылды. Мұғалім сабақта «Мозайка» , «Сөйлесейік» , «Ғаламтор» әдістерін тиімді пайдаланды. Оқушыларды жинаған алмалар санымен оқушылар бағаланды.
Ә. Күшікбаева «Бауыр» тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Мұғалім сабақ барысында оқушылармен жағымды ахуал туғыза алды, үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыра алды. Мұғалім жаңа тақырыпты оқушылармен бірлесе отырып ашты. Мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға оқушылар толық жауап беріп отырды. Мұғалім сабақ барысында барлық оқушыларды сабаққа қатыстырды. Мұғалім жаңа сабақты меңгерту үшін түрлі және тиімді әдістерді қолданды. Жалпы мұғалімнің жаңа сабақты меңгерту барысы жақсы деңгейде. Оқушылар сабақта өздерін жақсы көрсетіп, мұғалімнің сабақ жүргізуіне кедергі келтірген жоқ. « Желпеуіш» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралды. «Оқиғалар картасы» әдісі арқылы жаңа тақырыпты оқушылармен бірлесе ашты. «Венн диаграмасы» әдісі арқылы жаңа сабақты қорытындылады. Жүргізілген жаңа сабақ өте тартымды өтті. Оқушылар бауырларына арнаған өлең жолдарын оқыды және естелі суреттерімен бөлісті.
А.Жиреншеева «Төрт түліктің пайдасы» тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Мұғалім сыныпқа жағымды психологиялық ахауал туғызып, үй тапсырмасын сұрады. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп отырды. Жаңа тақырыпты мұғалім жұмақтар жасыру арқылы ашты. Сабақ барысында « Шыбын ұру » , «Сөздер де сөйлейді» , «Жалғасын тап» әдістерін пайдаланды. Берілген әр тапсырмаларға дискриптерлер беріліп отырды.
Ашық сабақтармен қатар оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында басқа түрлі іс –шаралар ұйымдастырылды.Жадрасинова мен Р.Исмаилова «Қызықты грамматика» сайыс сабағын, М.Баевтова «Қазақшаңыз қалай?», А.Арғынбаева мен А.Күшікбаева «Қуыршақтар әлемі» тақырыбында қойылымжүргізсе, Ш.Нұридинова «Дулат Исабековтің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында сабақтан тыс тәрбие сағатын жүргізді, А.Мусралиева мен А.Жиреншеева «Жыр алыбы-Жамбыл» тақырыбында мәнерлеп оқу байқау өткізілді. Бірлестік мүшелері ««Әдебиет тарландарының әдеби мұрасы» тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. «Ғаламторды дұрыс пайдалану-мәдениеттің белгісі »
« Мемлекеттік тіл -Қазақ тілі» тақырыбында «Ең үздік шығарма» байқауы ұйымдастырылды. «Қазақ тілі сабағында диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу қаблетін қалай дамытуға болады» тақырыбында Н.Жадрасинова мен А.Күшікбаева коучинг жүргізді.
Айлық барысында пән бойынша оқушылардың жұмыс дәптерлері тексерілді.